Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 27 науқас көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде өткен тәулікте 1328 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

 
bbc.com

Денсаулық сақтау министрлігі 6 қарашадағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 21 адам қайтыс болды.

6 қарашадағы мәлімет бойынша, 41 424 адам коронавирус инфекциясынан (–35 997 + және 5 427 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 411 пациент стационарда, 34 013 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

559 адамның жағдайы ауыр,

155 пациенттің жағдайы өте ауыр,

106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 4 қарашадағы мәлімет бойынша 116  жаңа жағдай тіркелді, 176 адам жазылып шыққан, 6 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:

- науқастар саны – 80 184; 

- өлім жағдайы – 5065;

- барлығы 69 692 адам сауығып шықты.