Түркістан облысында шенеунік қызметкерлерінен 20 млн теңге пара алған

Автор: Azattyq Rýhy

Түркістан қалалық тергеу соты Төлебековке қатысты тергеу мерзіміне байланысты 2 айға қамауға алу туралы санкция берді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Ербол Төлебековке Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша айып тағылды. Ол басқарма басшысы қызметтік бабын пайдаланып, инспекцияның аудандық, аумақтық және қалалық бөлімшелерінің қызметкерлерінен патронат бергені үшін пара алған. Бұл «қызметі» үшін ол 19 115 625 теңгені қалтасына басты.

Түркістан қалалық тергеу соты Төлебековке қатысты тергеу мерзіміне байланысты 2 айға қамауға алу туралы санкция берді.

Сол күні Түркістан қаласы әкімінің инфрақұрылым және коммуникация басқармасы басшысының орынбасары 1971 жылы туған Нұрлан Жаманқоға қатысты іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол кәсіпкерге шаруасын шешіп беруге көмектесемін деп уәде беріп, оның орынына пара ретінде 1 100 000 теңге алған.