Елімізде COVID-19 бен пневмония жұқтырған 530-дан аса адам аса ауыр халде жатыр
Қазақстанда бір тәулік ішінде COVID-19 бен пневмониядан 25 адам қайтыс болды
Қазақстанда 3 қарашада коронавирустық инфекциядан (КВИ+) және COVID-19 белгілері бар пневмониядан 25 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
КВИ-ден 23 адам, коронавирустық пневмониядан екі адам қайтыс болды.
2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустық инфекциядан 12 204 адам қайтыс болды. Өткен жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониядан 5059 адам қайтыс болды.
4 қарашада коронавирустық инфекцияның 1 421 жаңа жағдайы анықталды. Бүгінге дейін Қазақстанда COVID-19 ауруының 945 922 жағдайы тіркелді, 896 581 адам сауығып кетті.
3 қарашада COVID-19 белгілері бар пневмонияның 120 жағдайы анықталды, 170 адам емделіп шықты. Елімізде бүгінге дейін коронавирустық пневмонияның 80 068 жағдайы анықталды, 69 516 адам жазылып шықты.
5 қарашада COVID-19-дан 42 630 адам (КВИ+ 37 137 және КВИ- 5 493) емделіп жатыр. Стационарларда 7 648 пациент, амбулаториялық деңгейде 34 982 пациент бар. Науқастар арасында:
- ауыр халде – 538 пациент;
- аса ауырлық дәрежесінде – 155 пациент;
- өкпені жасанды желдету аппаратында – 99 пациент.