Қазақстанда жаңа көлік түрлері құрастырылады

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодарда 110 электр зарядтау станциясы орнатылды

Қазақстанда автокөліктердің жаңа үлгілері жиналады, деп хабарлайды LS.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, экологиялық таза көлік өндірісін дамыту үшін Саран және Алматы қалаларында YUTONG және Golden Dragon электр автобустарын құрастыру басталды. Қостанайда JAC iEV7s электромобилінің өндірісі жолға қойылған.

«Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап Hyundai I oniq электромобильдері, сондай-ақ 2023 жылдан бастап KIA V6 өндірісі басталады», - деді ол.

Бұл ретте көліктің осындай түріне инфрақұрылым жасау үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодарда 110 электр зарядтау станциясы орнатылды.

«Қазақстандықтарды электр тартымы бар автомобильдерді сатып алуға ынталандыру үшін олардың иелері көлік салығын төлеуден босатылды», - деп түйіндеді Өскенбаев.

Бұған дейін, Қазақстанда қандай электромобиль шығарылатыны хабарланған болатын.