Заңға қайшы әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 149 миллион теңге көлемінде залал келді
Таяуда Қаржылық мониторинг агенттігі жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласында 350 миллион теңгеден астам сомаға шығу тегі белгісіз 670 мыңнан астам қорап темекі өнімдерін тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тергеу барысында Әзербайжан азаматы басқа тұлғалармен бірлесіп, Қарағанды облысының аумағында «Космос», «Беломорканал», «Тройка», «Столичные» маркалы темекіні акцизсіз заңсыз сатқаны анықталды.
Агенттік мәліметінше, заңға қайшы әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 149 миллион теңге көлемінде залал келтірілді. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.