Ақмола облысында құны екі млрд теңге болатын жел электр станциясы салынады

Автор: Azattyq Rýhy

2020-2021 жылдары осындай тағы бір жоба 7,2 млрд теңгеге іске асырылды

Ақмола облысында жыл соңына дейін 2 млрд теңгеге жел электр станциясы жобасы іске қосылады, деп хабарлайды LS.

Қуаты 5 МВт жел электр станциясының екінші кезеңінің ашылуы күтіліп отыр. Жасыл нысанды іске асыру 2 млрд теңгеге бағаланады.

Жалпы, өңірде тәуелсіздік жылдары жаңартылатын энергия көздері саласындағы төрт ірі нысан іске қосылды. Ең қымбаты – 82,5 млрд теңгеге жел электр станциясын салу және іске қосу. Оның қуаты 100 МВт құрайды.

Сондай-ақ, өңірде қуаттылығы 100 МВт болатын күн станциясы іске қосылды. Бұл жоба үшін инвестор 28,5 млрд теңгеге шығындалды.

Тәуелсіздік жылдары іске қосылған ірі нысанның тағы бірі – құны 18,9 млрд теңге болатын жел электр станциясы. Жобаның қуаттылығы 45 МВт құрайды.

2020-2021 жылдары осындай тағы бір жоба 7,2 млрд теңгеге іске асырылды. Жел электр станциясының қуаты 30 МВт құрайды. Әкімдікте төрт станцияның ашылуы есебінен 106 жұмыс орны құрылғанын атап өтті.