ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 140 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Қар жауып, көктайғақ болады: 3 қаңтардағы ауа райы болжамы

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

3 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Елордада және солтүстік облыстарда қар жауып, бұрқасын, тұман және көктайғаққа байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Көкшетауда да бұрқасын, көктайғақ болады.

Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады.  Оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Күндіз ауа температурасы -1, түнде -4 болады.

Қызылорда облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады.

Түркістан облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шымкент және Түркістан қалаларында тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ пен тұман сақталады. Ақтөбе қаласында таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының кей аумағында да тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады.

Павлодар облысының кей аймағында бұрқасын, тұман болады, жел соғады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында – тұман, көктайғақ.

Алматы облыстарында тұман күтілуде. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді.

Алматыда күн бұлтты, күндіз +3, түнде -6 болады.