Голландия енді жоқ: ел атауы Нидерланд болып қалады
Нидерланд елі 2020 жылдан бастап Голландия атауын ресми түрде алып тастады
Нидерланд елі мемлекет атауына қатысты Голландия сөзін 2020 жылдан бастап ресми түрде алып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
1 қаңтардан бастап елдегі барлық компаниялар, жоғары оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары тек «Нидерланд» атауын ғана қолданатын болды, деп жазады NOS.
Нидерланд Сыртқы істер министрлігі бірегей ұлттық бренд қалыптастыру үшін осы қадамға барғандарын жеткізді.
«Біз Нидерланд елін ашық та қызықты, инклюзивті ел ретінде танытсақ дейміз», – деп атап өтті Нидерланд СІМ өкілдері.
Айта кетсек, Нидерланд атауы жаңа стратегия аясында 2020 жылы мамыр айында Роттердамда өтетін ән байқауы мен Токиода өтетін Олимпиада ойындары кезінде ресми бренд болмақ.
Шет елдер жиі Голландия деп атайтын ұлттық футбол командасы да енді тек Нидерланд деп айтылатын болды.