2 қаңтар күні ауа райы қандай болады – синоптиктер
Қаңтар айының екінші күнінде күні ауа райы тұрақсыз болып, аздап жауын-шашын болуы, солтүстік өңірде қар жаууы мүмкін
Еліміздің басым аумағында атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты бейсенбі, яғни 2 қаңтар күні ауа райы тұрақсыз болып, аздап жауын-шашын болуы, солтүстік өңірде қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Сондай-ақ, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Ақмола облысында жел секундына 15-20 метр жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады, екпіні 23-28 м/с-қа күшейеді. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады.
Қостанай облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23 м/с-қа күшейеді.
Павлодар облысының кей бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына15-20 метр жыдамдықпен ұйтқиды.
Шығыс Қазақстан облысының кей тұсында тұман, түсіп көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Түнде кей жерде бұрқасын болады.
Ақтөбе облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде жел 18 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.
Атырау облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей тұсында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болуы ықтимал.