01.01.2020, 17:52
Жаңалықтар
Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтуі мүмкін
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды, Azattyq Rýhy тілшісі prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Бастапқыда 37 жастағы қазақстандық спортшы рингке 8 немесе 29 ақпанда шығады деген жоспар болған. Дегенмен, польшалық Камил Шереметамен өтетін титулды айқас 28 наурызға белгіленді.
Шеремета IBF желісі бойынша Головкиннің міндетті қарсыласы, ал жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтуі мүмкін.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин өткен жылдың қазан айында украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңіп, өзінің IBF белбеуін қайтарып алған болатын.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды