Ұшақ құлағаннан кейін өртеніп кеткен
Ресейдің Иркутск қаласында Ан-12 жүк ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Риа Новости.
Төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Ан-12 ұшағында бес экипаж мүшесі мен екі жолаушы болғанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша барлығы қаза тапқан.
Ұшақ Беларусьтің "Гродно" әуе компаниясына тиесілі екені анықталды.