Абай даңғылы мен Момышұлы көшесін ұзарту үшін де қыруар қаржы қарастырылып отыр
Алматыда 2022 жылдың соңына дейін үш жолайрық салынады деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында жолайрық салуға 5,4 млрд теңге, Бұқтырма көшесі мен Құлжа тас жолының қиылысындағы жолайрықтың құрылысына 20,1 млрд теңге, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы үшінші жолайрыққа 8,6 млрд теңге бөлу жоспарланған.
Сонымен қатар, биыл Сайын мен Мөңке би көшелерінің қиылысында жол айрығының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Мерзімі әлі анықталмаған.
Абай даңғылы мен Момышұлы көшесін ұзарту үшін 11,6 млрд теңге қарастырылып отыр.