Биржа комитеті: 20 мың тонна мұнайдың орнына 5 мың тонна ғана сатып ала алады
Құжатта әуе отынын тасымалдайтын ұйымдарға да талап бекітілген
Биржалық комитет 2021 жылғы 22 қазандағы отырысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатта биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін мұнай өнімдерін сатып алушыларға қойылатын талап өзгеріп, енді жылына 20 мың тонна емес, 5 мың тонна ғана сатып ала алатын болды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 5 мың тонна мұнай өңірлік жанармай құю станциясы бөлшек сауда желісінің бизнес көлеміне сәйкес келеді.
Осылайша биржалық саудаға қатысушылардың санын арттыру жоспарланған.
Сонымен қатар, құжатта әуе отынын тасымалдайтын ұйымдарға да талап бекітілген. Мысалы, әуе керосин тасымалдаушылардың екі жылдық тәжірибесі және жылына 1000 тонна отын қоры болуы тиіс.