Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтуі мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды,  Azattyq Rýhy тілшісі prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бастапқыда 37 жастағы қазақстандық спортшы рингке 8 немесе 29 ақпанда шығады деген жоспар болған. Дегенмен, польшалық Камил Шереметамен өтетін титулды айқас 28 наурызға белгіленді.

Шеремета IBF желісі бойынша Головкиннің міндетті қарсыласы, ал жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтуі мүмкін.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин өткен жылдың қазан айында украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңіп, өзінің IBF белбеуін қайтарып алған болатын.