Ғалымдар осылай деп дабыл қақты
Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-тағы Өлім алқабынан Таяу Шығысқа, Үндістаннан Сахараға дейінгі аралықта адамдар өте қолайсыз температураны бастан кешіріп отыр, егер бұған қарсы еш шара қолданылмаса, планетаның басқа бөліктерінде де жағдайдың нашарлайтыны сөзсіз. Айта кетейік, АҚШ Ұлттық мұхит және атмосфера басқармасы 2021 жылдың шілдесі тарихтағы ең ыстық жыл болды деп мәлімдеді.
"Ғаламдық жылыну мұндай төтенше оқиғалардың жиі орын алуына әсер етеді" дейді климат бойынша сарапшы Зеке Хаусфатер. Ғалымдар атап өткендей, температураның көтерілуі аптап ыстық пен құрғақшылыққа, орман өртіне, дауыл мен су тасқынына әкеледі. Ыстық толқындар санының артуы ауыл шаруашылығына кері ықпал етуімен қатар адам өміріне де қауіп төндіреді.
"Су тасқынынан бірнеше адам, мүмкін бірнеше ондаған адам құрбан болады. Біз аптап ыстық толқыны жерге жақындаған сайын қаза болуы мүмкін мыңдаған адам өмірі туралы айтып жатырмыз. Мұндай катаклизмдер көбейіп барады", - дейді Пьер-Симон Лаплас институтының директоры Роберт Вотард.