Қазақстандықтар жылдық табысының сегіз пайызын темекіге жұмсайды

Автор: Azattyq Rýhy

Австрия, Германия және Швеция тұрғындарының темекіге кететін шығыны біздің елмен бірдей

Picodi.com сарапшылары әлемнің 104 елінде темекіге қанша ақша жұмсалатынын анықтады деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рейтингке енген елдердің ішінде Австралияда темекі шегетіндер бір қорап (20 дана) үшін 25,63 доллар төлейді. Ел билігі темекі шегетіндердің санын азайту үшін шылым бағасын айтарлықтай қымбаттатқан. Құны тым жоғары темекі сататын елдердің қатарында Жаңа Зеландия (бір қорап үшін 24,75 доллар), Ирландия (16,49 доллар) және Ұлыбритания (15,66 доллар) еніп отыр.

Ғалымдардың айтуынша, жыл сайын әлем елдері 7,41 трлн дана темекі тұтынады бұл әр темекі шегушіге күніне 18 темекіден келеді.

Қазақстанда күніне 1 қорап темекі шегіп, бір жыл ішінде 430 доллар жұмсауға болады. Бұл салықты есептегенде жылдық орташа табыстың 8%-на тең. Австрия, Германия және Швеция тұрғындарының темекіге кететін шығыны біздің елмен бірдей.