Ақтау, Ақтөбе және Нұр-Сұлтан әуежайларында да авиаотын жоқ
Алматы әуежайында да тұрақты жолаушылар рейстерінің жанармай құю көлемі шектелді. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Алматы халықаралық әуежайында үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жолаушылар рейстерінің жанармай құю көлемін шектеу және бір реттік чартерлік рейстердің жанармай құюын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.
Аталған шаралар Қазақстанда авиациялық отынның тапшылығына байланысты қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін SCAT әуе компаниясы Ақтау, Ақтөбе және Нұрсұлтан әуежайларындағы авиаотынның көлемі таусылғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, бір күн бұрын астана әуежайы да авиаотын тапшылығына байланысты дабыл қаққан.