Сілеусіндердің топтасып жүруі сирек кездесетін сәт
Бейнежазба «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Instagram-аккаунтында жарияланды.
«Жақында ғана біз оқырмандарға орман ішіндегі камераға түнгі уақытта түсіп қалған сілеусіндердің суреттерін көрсеттік. Ал бүгін тағы бір бейнемен бөліскіміз келеді. Мысық тұқымдас жануардың балаларымен Бурабай жартастарында серуендеп жүрген сәттері кадрға түсіп қалды», - деп жазылған.
Сілеусіннің балаларымен бұлай серуендеуі сирек көрініс, себебі бұл жануар әдетте жалғыз тіршілік етеді екен.