27.10.2021, 21:54
Жаңалықтар
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады
Синоптиктер ау арайының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, түнде және таңертең 28 қазанда Ақтөбе облысының орталығында тұман түседі.
28 қазанда Жамбыл облысында таңертең және күндіз қар аралас жаңбыр жауады.
Таңертең және күндіз 28 қазанда Ақмола облысының солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде 28-29 қазанда Қарағанды облысының орталығында, шығысында тұман түседі.
28 қазанда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облысының солтүстік-батысында онтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Көп оқылған
22.08.2026, 12:31
Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
22.08.2026, 20:29
23 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
22.08.2026, 14:03
Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады
22.08.2026, 06:13
Алматы облысында мейрамхана ғимараты өртке оранды