Қатысушылардың 40 проценті санақтан онлайн форматта өткен
17 миллионнан астам қазақстандық Жалпыұлттық халық санағына қатысты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.
Айтуынша, қатысушылардың 40 проценті санақтан онлайн форматта өтсе, қалғаны сауалдарға офлайн жауап берді.
Бұл науқанда алматылықтар ерекше белсенділік танытты. Мұнда 2 миллионнан астам қатысушы тіркелді. Үздік үштікте Түркістан мен Жамбыл облыстары да бар.
Естеріңізге салайық, биылғы халық санағы қазанның 30-ында өз мәресіне жетеді. Ал мәліметтерді нақтылау қарашаның 8-іне дейін созылады.