$ 520.27  537.65  5.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.10.2021, 09:15
Жаңалықтар

Елімізде былтырдан бері пневмониядан бес мыңнан астам адам қайтыс болды

Ауыр, аса ауыр жағдайларда және ӨЖЖ аппаратында 871 адам жатыр

Елімізде былтырдан бері пневмониядан бес мыңнан астам адам қайтыс болды

Қазақстанда 24 қазанда коронавирустық инфекциядан және COVID-19 белгілері бар пневмониядан 34 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

КВИ-ден 24 адам, коронавирустық пневмониядан 10 адам қайтыс болды.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап республикада коронавирустық инфекциядан 11 975 адам қайтыс болды. Өткен жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониядан және теріс ПТР тестінен 5016 адам қайтыс болды.

25 қазанда коронавирустық инфекцияның 1 353 жаңа жағдайы анықталды. Ал бүгінге дейін Қазақстанда COVID-19 ауруының 931 137 жағдайы тіркеліп, 874 647 адам сауығып кетті.

24 қазанда COVID-19 белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелген, ал 36 адам сауығып кетті. Республикада барлығы 78 781 коронавирустық пневмония ауруы анықталды, 67 732 адам жазылды.

26 қазанда COVID-19-дан 50 548 адам (44 515 КВИ+ және 6 033 КВИ-) емделіп жатыр. Стационарларда 8 860 пациент, амбулаториялық деңгейде – 41 688 пациент бар.

  • ауыр халде – 612 науқас,
  • аса ауыр күйде – 157 науқас,
  • өкпені жасанды желдету аппаратында – 102 науқас.
Серіктес жаңалықтары