$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2021, 12:34
Жаңалықтар

Бағдат Мусин ақпараттық жүйесінде техникалық ақаулар жиі кездесетін министрліктерді атады

Елімізде EGov мобильдік қосымшасында құжаттардың 18 түрі электрондық форматта қолжетімді болатын «цифрлық құжаттар» сервисі іске асырылды

Бағдат Мусин ақпараттық жүйесінде техникалық ақаулар жиі кездесетін министрліктерді атады
Фото ашық дереккөзден

Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90%-ы (690 Мемлекеттік қызметтің 624-і) электрондық форматта көрсетіледі. Алайда, электронды қызмет көрсету жұмысына кедергі келтіретін техникалық ақаулар саны да аз емес. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында айтты.

Елімізде EGov мобильдік қосымшасында құжаттардың 18 түрі электрондық форматта қолжетімді болатын «цифрлық құжаттар» сервисі іске асырылды. Оларды Қазақстанның барлық ХҚО-ларында, әуежайларда, банктерде, теміржол вокзалдарында және ұялы байланыс операторларына қызмет көрсету бөлімдерінде ұсынуға болады. Қазір «Цифрлық құжаттар» сервисін 5,3 млн қазақстандық пайдаланады.

Мусиннің айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау аясында мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне жыл сайын бағалау жүргізіледі. 

«Көбіне электрондық қызметтердің жұмыс қабілеттілігі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне байланысты болады. Мысалы, 2020 жылы электрондық қызметтер көрсету жұмысында істен шыққан жағдайлардың ұзақтығы 200 сағаттан астам уақытты қамтиды. Олардың ішінде ІІМ, АШМ және ДСМ ақпараттық жүйелері көш бастап тұр», - деді Мусин.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары