Еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауады
25 қазанға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер дүйсенбі, яғни 25 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Фронталды аумақтың әсерінен республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел күшейеді, тұман күтіледі», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Алматы облысының Алакөл аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырауда, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі.