Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.