$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2021, 22:34
Жаңалықтар

Жайық пен Каспийдің тартылуы Атыраудағы балық шаруашылығын тұралатты

Атырау балықшылары жылдағы жоспарын орындай алмай отыр

Жайық пен Каспийдің тартылуы Атыраудағы балық шаруашылығын тұралатты
Фото ашық дереккөзден

Өңірдегі мыңдаған балықшы Жайық-Қиғаш өзені мен Каспий теңізінен мемлекеттік квотамен 30 мың тонна балық аулауы керек болатын. Бірақ өзен суының тартылып, теңіз жағасының 20 шақырымға алыстап кетуі себепті бұл жоспардың жартысы да орындалмаған, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Жайықтың жайы 2019 жылы тарихи минимумға түскен. Ал Каспийдің жағасы жылдан жылға алыстап, биыл 20 шақырымға құрғаған. Бұған дейін күз келе салысымен, квота алған балықшылар жылдық қорын жинау мақсатында су маржанын жинап алатын. Алайда биыл су айдынынан нәпақа көретіндер үшін нәтижесіз болып тұр. 

Өзендегі судың таяздығы салдарынан теңізден балықтың шығуы қиын. Жайық бойын жағалай 15 тартым аумақта 11 кооператив орналасқан. Бірақ түсім нашар. Ал балық ауланатын кейбір тартым жабылып та үлгерген. Ал Каспий теңізіне қарай бағыт алғандар жарты метрге дейінгі таяздан өте алмайды.

Балықшыларға берілген квота негізінде Атырау балықшылары Жайық, Қиғаш өзендерінен 30 мың тонна су маржанын теруі керек болатын. Дегенмен, қорда әзірге 8 мың тонна бар. Ал су деңгейі көтерілмесе 2022 жылдың көктемінен де үміт жоқ деген сөз. Табиғи апат жалғаса берсе, Жайық-Қиғаш бойын мекендеген 17 балықшы кооперативінде мыңдаған адам жұмыссыз қалуы да мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары