Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн қайта жылиды

Автор: Azattyq Rýhy

«Қазгидромет» синоптиктері 23-25 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Фото ашық дереккөзден

Алдағы сенбі және жексенбі күндері Қазақстанның басым бөлігіне Ираннан келген жылы ауа массалары әсер етеді. Бұл ауа температурасының көтерілуіне алып келеді дейді синоптиктер.

Тек Қазақстанның батыс өңірлерінде ғана күн салқындайды. Бұл аймаққа Солтүстік циклон жырасы әсер етеді.

«Бірақ фронтальді жүйелер елдің барлық аймақтарына ықпалын жалғастырады — жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.