Осыдан 27 жыл бұрын қаза тапқан қазақстандықтың анасына Тәжікстан Президентінің марапаты табыс етілді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 1-дәрежелі «Спитамен» орденімен наградталған болатын

2021 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ибодзода Хайрулло ерлікпен қаза тапқан шекарашы Раджан Батырқановтың анасы – Қизат Жылқыбаққызы Батырқановаға 1-дәрежелі «Спитамен» орденін табыс етті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетейік, Тәжікстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 252 Жарлығымен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне және қызметтік борышын орындау кезінде танытқан батылдығы мен табандылығы үшін Батырқанов Раджан Армияұлы қайтыс болғаннан кейін 1-дәрежелі «Спитамен» орденімен наградталған.