$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.10.2021, 06:28
Жаңалықтар

Футбол әлеміндегі жанжал: ФИФА әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізгісі келеді, ал УЕФА бұған қарсы

Қазіргі уақытта әлем чемпионаты төрт жылда бір рет өткізіледі

Футбол әлеміндегі жанжал: ФИФА әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізгісі келеді, ал УЕФА бұған қарсы
Фото ашық дереккөзден

12-ден астам Еуропалық қауымдастық екі жылда бір рет әлем чемпионатын өткізу туралы ұсынысқа наразылық білдіріп, Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) құрамынан шығуы мүмкін. Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Бұған дейін ФИФА президенті Джанни Инфантино федерацияға кіретін конфедерацияларға 2026 жылдан бастап әр екі жыл сайын әлем чемпионатын өткізумен халықаралық күнтізбені реформалау туралы ұсыныс жібергені белгілі болды.

Қыркүйек айының соңында УЕФА басшысы Александр Чеферин мен Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) бұл ұсынысқа қарсы шықты.

Агенттіктің хабарлауынша, 12-ден астам қауымдастық УЕФА-ға ФИФА-дан шығу ниеті туралы хабарлады. ФИФА жарғысына сәйкес кез келген қауымдастық күнтізбелік жылдың соңына дейін алты ай бұрын ескерту арқылы ұйымнан шыға алады.

Серіктес жаңалықтары