20.10.2021, 12:33
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барды
Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады.
Бұдан бөлек Президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барады», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды