Бұл жалпы бюджет шығыстарының 29,3%-ын құрайды
Депутаттардың өтінішімен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бюджеттен қаражат қарастырылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бекітілді. Заң жобасын талқылау барысында бірқатар түзетулер енгізілді.
Біріншіден, Президенттің Жолдауына сәйкес келер жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының еңбекақысын көтеруге 143,4 млрд теңге қаражат көзделді.
Екіншіден, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыруға, ауылдық елді мекендерді таза ауыз сумен, су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғын үй-шаруашылығын дамытуға қосымша қаражат бөлінбек. 2022 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен шамамен 4,7 трлн теңге қарастырылады. Бұл жалпы бюджет шығыстарының 29,3%-ын құрайды.
Жоспарланған бюджеттің 173,3 млрд теңгесін Есеп комитеті қайта қарап, 7,1 млрд теңгені азайту керек деген ұсыныс айтқан.
Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан