Әблязов өзінің меншікті капиталы 20 млрд АҚШ долларынан асатынын мойындады
Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ Округтік сотының судьясы Элисон Дж. Натан 2021 жылғы 18 қазан күні М.Әблязов пен И.Храпунов берген түрлі қарсылықтарды қабылдамай, «БТА Банкі» АҚ мен Алматы қаласы әкімдігінің (бұдан әрі – Бірлескен талапкерлер) бірлескен талап-арызы бойынша басталған сот қарауы кезінде заңсыз әрекеттері үшін оларға санкциялар салды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Судья Натанның шешімінде Әблязов пен Храпуновқа санкциялар салған АҚШ бітістіруші сотының бұрынғы бірнеше қаулыcы (2019 жылғы 3 шілде, 2019 жылғы 15 шілде, 2020 жылғы 7 ақпан, 2020 жылғы 19 мамыр және 2020 жылғы 3 қыркүйек) расталды.
«Бұл шешім Соттың алдыңғы шешімдерімен қатар, Әблязов, Виктор Храпунов және Ілияс Храпуновтың Бірлескен талапкерлердің АҚШ-та ондаған миллион долларды жылыстатқаны үшін Әблязовқа, Храпуновқа және Triadou SPV SA жасанды компаниясына қойылатын талаптары үшін «үлкен маңызы бар» дәлелдемелерді табуына кедергі келтіргенін анықтады.
Сот жауапкерлердің жасырған және қасақана жойған дәлелдері болғандығын, жалған айғақтар бергендігін, сот бұйрықтарын бұзғандығын және сот процесін «мысық-тышқан ойыны» ретінде қабылдағандықтарын анықтады», - делінген министрлік хабарламасында.
Аталған шешімде айтылған нақты заңсыздықтардың ішінде сот мыналарды атап өтті:
«Заңсыз әрекет туралы осы және осыған ұқсас тұжырымдардың негізінде сот Бірлескен талапкерлердің пайдасына Әблязовтың 140 115,16 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл төлеу қажеттігі туралы шешім шығарды.
Сот И.Храпуновқа қатысты санкцияның мөлшерін оның мінез-құлқының салдарынан болған шығындар туралы Бірлескен талапкерлерден қосымша дәлелдер алғаннан кейін анықтайды.
Сот сонымен бірге «оның шешіміне кез-келген апелляция берілген жағдайда, бұл әрекет «шешімді өз еркімен орындаудан бас тарту» ретінде қабылданады» деп қаулы етті», - деп жазды Әділет министрлігі
Нью-Йорк ісі Бірлескен талапкерлер атынан бес жыл бұрын М.Әблязовтың және оның сыбайластарының ұрланған ақшаны АҚШ-та жылыстатқаны үшін айыптауы бойынша басталған.
Бүкіл әлем бойынша Соттар анықтағандай, Әблязов жалған несиелер беру арқылы БТА банкінен миллиардтаған доллар ұрлады – бұл үшін ол Қазақстанда сотталып, Ұлыбританияның соттарында азаматтық жауапкершілікке тартылды.
АҚШ-тағы сот талқылауы барысында талапкерлер Әблязов қылмыстарының қосымша елеулі дәлелдерін жинады, сондай-ақ осы қылмыстардың көптеген куәлерінің айғақтарын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта АҚШ-тың Нью-Йорктегі алқабилеріне қатысты сот ісін 2022 жылдың ақпан айында бастау жоспарлануда.