Елімізде өткен тәулікте пневмониядан 10 адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Бір тәулікте 1 683 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Фото ашық дереккөзден

Соңғы бір тәулікте елімізде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония 154 адамнан анықталды, тағы 10 адам қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сол сияқты өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 237 адам емделді.

Пневмония бойынша 2020 жылдың 13 наурызынан бүгінге дейінгі көрсеткіш:

  • жұқтырғандар – 78 158;
  • қайтыс болды – 4 979;
  • емделіп шыққандар – 66 753.

Айта кетейік, өткен тәулікте 1 683 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ал 2 228 науқас аталмыш індеттен емделіп шықты.