Түсік жасауға шектеу қоятын Техас заңына тыйым салуды сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

АҚШ Жоғарғы сотына мұндай өтінішті Джо Байденнің әкімшілігі жеткізді

Фото ашық дереккөзден

Аталған заң үстіміздегі жылдың бірінші қыркүйегінде күшіне енген болатын. Заңға сәйкес Техаста жүктіліктің алтыншы аптасынан кейін түсік жасауға тыйым салынған. Ал бұл заңға қарсы шыққан қыз-келіншектердің пікіріне сүйенсек, бұл тым қатаң заң және ол әйелдерді конституциялық құқығынан айырады.

Айта кетейік, заңға қарсылық танытқан топ 3 қазан күні көшеге шығып, наразылық акциясын өткізген еді.