Ол спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығына 2019 жылдың 30 қаңтарында тағайындалған болатын
Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл мәліметті ведомствоның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз растаймыз. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев өз еркімен қызметінен босатылды», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Серік Сәпиев спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшылығына 2019 жылдың 30 қаңтарында тағайындалған болатын.