Қазақстанда ертеңнен бастап карантин талаптары жеңілдейді

Автор: Azattyq Rýhy

Халықтың 70 пайыздан астамы екпе алды

Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 20 қазаннан бастап Қазақстанда карантин жеңілдетілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкімет отырысында министр эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталғанын, сондай-ақ вакцинациялауға жататын халықтың 70 пайыздан астамы екпе алғанын айтты.

Нәтижесінде ВАК 2021 жылғы 20 қазаннан бастап рұқсат беру туралы шешім қабылдады:

  • келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі.
  • түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» статусы бар азаматтарға арналған, олардың толтырылуы 50 пайызға дейін, бірақ:

«жасыл» аймақта 100 адамнан аспауы тиіс;
«сары» аймақта 70 адамнан аспауы тиіс;
«қызыл» аймақта 50 адамнан аспауы тиіс.

  • Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандардың жұмыс уақытын ұзарту:
  • «жасыл» аймақта 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – 05:00-ге дейін;
  • «сары» аймақта 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – 03:00-ге дейін.