19.10.2021, 07:17
Жаңалықтар
АҚШ-та әлемдегі тұңғыш шабуылдау винтовкасы бар робот ит таныстырылды
Vision 60 робот иті 1200 метр қашықтықта нысандарды тауып, жоя алады
Фото ашық дереккөзден
Atameken business арнасының хабарлауынша, Vision 60 робот иті жоғары жылдамдықпен құлап кетпестен мұзда да ұзақ қашықтықты жүріп өте алады.
S. W. O. R. D. Defence Systems компаниясы бұл робот итке құлтемірлердің әскери мүмкіндіктерін едәуір кеңейтетін арнайы Purpose Unmanned Rifle жүйесін орнатқан. Онда жылу түсіргіш және 30 есе үлкейтетін камера бар. Яғни, құрылғыны басқаратын адам тіпті түнде де іздегенін оңай тани алады.
Vision 60 робот иті оператордың өміріне қауіп төндірмей, жәбірленушіге жақын қашықтыққа жақындауға көмектеседі. Мұндай жаңа құрылғыға АҚШ пен Австралия әскерлері қызығушылық танытып отыр.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды