130 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен КВИ белгілері бар пневмониядан 39 адам қайтыс болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
12 қазандағы жағдай бойынша: қайтыс болған 31 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР-тест арқылы расталса, 8 адамда коронавирус белгілері бар пневмония анықталған, бірақ олардан алынған ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен.
14 қазандағы жағдай бойынша: елімізде 53 289 адам КВИ жұқтырып емделіп жатыр (46 444 КВИ+ және 6 845 КВИ-). Олардың 9 150-і ауруханада емделсе, қалған 44 139-ы үй жағдайында ем қабылдап жатыр.
КВИ+ және КВИ- жұқтырғандардың ішінде:
Айта кетейік, 13 қазанда елімізде 1 985 адамнан коронавирус анықталды. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1 707-і құраған еді.