Елімізде қағаз ақша қолданыстан шығып барады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандықтар қолма-қол ақшадан бас тартуда

Биылғы 8 айдың көрсеткіші бойынша елімізде төлем карталары арқылы 56,3 трлн теңгеге 4 млрд операция жүргізілді, бұл былтырмен салыстырғанда екі есе артық деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Төлем карталары арқылы жасалған 10 операцияның 9-ы қолма-қол ақшасыз орындалған. 2021 жылдың қаңтар-тамыз аралығында қазақстандық эмитенттердің төлем карталары арқылы 43,2 трлн теңгеге 3,8 млрд қолма-қол ақшасыз операция жүргізілді, бұл 2020 жылдың осы кезеңдегі көрсеткішінен 2,3 есе кем»,- делінген Ұлттық банк таратқан мәліметте. 

Биыл қолма-қол ақшасыз операциялардың 67%-ы интернет немесе мобильді қосымша арқылы жүргізілген.