Кей аймақтарда 23 градус жылы болады
«Қазгидромет» РМК 14-16 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл күндері ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек 16 қазанда Солтүстік-Батыс циклон жырасының ықпалымен, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауады.
«Еліміздің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі, шаңды дауыл сақталады. Ауа температурасының негізгі фоны күндіз елдің батысында, солтүстік-батысында 15...23 жылу, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 7...15 жылу, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 12....21 жылу болжанады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.