Өткен тәулікте 1500-ге жуық адам коронавирус жұқтырды
Елімізде COVID-19-бен және коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан бір тәулікте 36 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламаға сәйкес, 10 қазан күні коронавирус пневмониясының жаңадан 11 жағдайы тіркелді. 61 адам емделіп шықса, 11 науқас көз жұмды.
2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 10 қазанына дейін:
Ал 11 қазандағы бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирустың 1499 дерегі тіркелсе, көз жұмған науқастар саны – 25. Сол сияқты коронавирустан өткен тәулікте 1435 адам емделіп шықты.