12 қазанға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің солтүстігінде көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады

12 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 12 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап.

«Антициклон жотасы республиканың батыс жартысына әсерін сақтайды, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың шығыс жартысында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын жауады, шығыс шетінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік жартысында және орталығында тұман түседі, солтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады», - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, батысында – көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі, көктайғақ болады, таңертең және күндіз солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және батысында тұман түседі, облыстардың шығысында және оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с шаңды дауылмен соғады.

Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с кушейеді.

Алматы облысының солтүстігінде тұман түсіп, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с соғады.

Түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, Павлодар облысының түнде оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде – көктайғақ болады.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.