Елімізде коронавирус жұқтырған 674 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 10 қазандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 41 адам қайтыс болды.
10 қазандағы мәлімет бойынша, 53 581 адам коронавирус инфекциясынан (–46 382 + және 7 199 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 384 пациент стационарда, 44 197 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 674 адамның жағдайы ауыр,
- 201 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 127 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 8 қазандағы мәлімет бойынша 149 жаңа жағдай тіркелді, 272 адам жазылып шыққан, 10 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 77 205;
- өлім жағдайы – 4910;
- барлығы 65 096 адам сауығып шықты.