Еліміздегі екі қала мен үш облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте елімізде 1940 адам коронавирус жұқтырған

 
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 9 қазанда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің бес өңірі әлі де «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтқанда:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары;

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары;

«Жасыл» аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары тұр.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1940 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 902 061 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 43 адам көз жұмды.