Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 43 науқас көз жұмды
COVID-19 вирусын жұқтырған 703 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 9 қазандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 30 адам қайтыс болды.
9 қазандағы мәлімет бойынша, 54 250 адам коронавирус инфекциясынан (–46 918 + және 7 332 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 384 пациент стационарда, 44 866 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 703 адамның жағдайы ауыр,
- 203 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 135 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 7 қазандағы мәлімет бойынша 150 жаңа жағдай тіркелді, 248 адам жазылып шыққан, 13 адам көз жұмған.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 77 056;
- өлім жағдайы – 4900;
- барлығы 64 824 адам сауығып шықты.