Төрт дөңгелекпен қозғалатын робот-полицейдің жеті «көзі» бар
Сингапурда робот-полицей іске қосылды. «Хавьер» есімді құлтемір, қала көшелері мен ғимараттарындағы тәртіптің сақталуын қадағалайды. Бұл туралы Azattyq Rýhy 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Инновациялық құралды елдің Ғылым және технология агенттігі жасап шығарған. Төрт дөңгелекпен қозғалатын робот-полицейдің жеті көзі, яғни камерасы бар.
Билік өкілдерінің айтуынша, осындай 2 құлтемір қыркүйек айында жұмысқа кіріскен. Сақшы роботтар «мотоциклді жолға қоймаңыз», «жаяу жүргіншіге жол беріңіз» деген сияқты ескертулерді дауыстап айтып жүреді. Сондай-ақ «Хавьер» рұқсат етілмеген орында темекі шекпеу және арақашықтық сақтау, көп адам жиналмау туралы, коронавирус талаптарының сақталуын да бақылайды.
Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, алдағы уақытта робот-полицейдің саны көбеюі мүмкін.