Синоптиктер еліміздің кей өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертеді
Ауа райына байланысты еліміздің төрт облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК мәліметіне сілтеме жасап.
«29-30 желтоқсан күндері Қостанай облысының кей аумағында көктайғақ болады. Дауыл болу ықтималдығы 90-95%.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде боран болып, тұман түседі. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрса, ал күндіз Жарма ауданында желдің ұйытқуы 25 м/с болады.
Қызылорда облысының кей жерінде де тұман, көктайғақ сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
Сондай-ақ, Түркістан облысының кей аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шымкент және Түркістан қалаларында тұман түседі», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, еліміздің кей өңірінде де тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.