$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2021, 18:09
Жаңалықтар

Қазақстан биыл БАӘ-ге 43 млн доллар инвестиция салды

Жыл басынан бері шетелге 765 млн доллар инвестиция құйылды

Қазақстан биыл БАӘ-ге 43 млн доллар инвестиция салды
Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық банк 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстаннан шетелге салынған инвестиция көлемі 12,2% азайып, 765 млн доллар құрағанын мәлім етті, деп хабарлайды LS.

Қазақстан ең көп қаражат құйған ел - Кайман аралдары (308 млн доллар). Бұл өткен жылдан 104% өскен. Тізімде екінші орынға Ресей орналасқан. Инвестиция былтырғыдан 168,3% көбейіп, 121 млн долларды құрады.

Үшінші орында - Өзбекстан. Инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 244% өсіп, 106,3 млн долларды құрады

Ары қарай Нидерланд еліне 63,8 млн доллар (-40%), БАӘ-ге 43 млн доллар (+61%), Қырғызстанға 25,2 млн доллар (-54,6%), Қытайға  22,4 млн доллар (-15,1%), Түркияға 12,5 млн доллар (+290,6%) және Сингапурға 11 млн доллар (+1,8%) инвестиция салынған.

Беларусь, Молдова, Оңтүстік Корея елдеріне жарты жылда 200 мың доллар, Бельгияға 100 мың доллар инвестиция салынған.

Серіктес жаңалықтары