Байқауға 16 елден 163 жоба ұсынылды
Оңтүстік Кореяда өткен «Asia Content Awards» (AMA) фестивалінде қазақстандық SHEKER сериалын үздік деп танылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды.
Әділ қазылар алқасы «Best Short-form/Web Drama» номинациясының жүлдесін «Salem social media» компаниясы түсірген «SHEKER» туындысының авторларына табыстайды. SHEKER – «Азия Канндары» беделді сыйлығына ие болған Қазақстанның алғашқы және әзірге жалғыз жеңімпазы. Биыл байқауға қатысуға 16 елден 163 жоба ұсынылды.
Сондай-ақ, медиа компанияның хабарлауынша, 13 қазан күні CANNESERIES-2021 (Канн қаласы) жеңімпаздары жарияланады. Бұл фестивальге қысқа метражды SHEKER веб-сериалы «Best Short Form Series» номинациясы бойынша 60 үміткердің арасынан іріктеліп алынды.
Биыл қазақстандық жоба аталған жүлде үшін Франция, Ресей, Испания, Аргентина және АҚШ түсірген туындылармен тең дәрежеде таласқа түсетін болады. Сонымен қатар, олардың қатарында әйгілі әлемдік Netflix компаниясы да бар.