Өңірде 1 тонна қатты отынның бағасы - 18 500 теңге
Түркістан облысында қара отын бағасы былтырғы деңгейде сақталған яғни, шалғай елді мекендерде 1 тонна қатты отын бағасы 18 500 теңге деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Облыс тұрғындары үшін темір жол тұйығы бар аймақтарда 1 тонна қатты отын бағасы 14 500-16 500 теңге аралығында. Өткен жылы көмір құны 14 500-18 500 теңге болған.
Облыста 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына көмірдің жалпы қажеттілігі 972,6 мың тонна. Қазір тасымалданғаны 429,4 мың тонна (44%). Орталықтандырылған жылу беретін кәсіпорындардың көмірге қажеттілігі 105,3 мың тонна болса, оның 22,1 мың тоннасы ғана (21%) дайын. Ал шалғай елді мекендерді қосқанда халыққа биыл қыста 724,4 мың тонна көмір керек, оның тек 264,4 мың тоннасы дайындалған (37%).
Таяуда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі биыл елде 2 млн тонна көмір тапшылығы болуы мүмкін екенін хабарлаған еді.
Сонымен қатар, алты ай қысқа дайындығы төмен өңірлердің қатарында Ақтөбе облысы көш бастап тұрғаны белгілі. Облысқа 28 мың тонна көмір керек болса, соның тек 7,4 мың тоннасы ғана дайын екен.
Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы