Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинаны қанша адам алды?

Автор: Azattyq Rýhy

Екпенің бірінші компонентін 7 740 864 адам салдырған

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елімізде 4 қазандағы ақпарат бойынша, COVID-19 инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін 7 740 864 адам салдырған. Ал екінші компонентін алған адам саны - 6 715 104.